Оралда Tungy Ligasy-ның бірінші турнирі басталды

29 sáýir
1401

Маусым соңына дейін Қазақстан хоккей федерациясының қолдауымен әуесқойлар арасында екі хоккей турнирін өткізу жоспарланып отыр.

Олардың бірі Оралда 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді. Оған «Әуесқой» дивизионында өнер көрсететін алты ұжым қатысады. Чемпионат марапаты үшін қостанайлық «Қайрат», «Ақтөбе» мұз аренасының өкілдері, атыраулық «Мұнайшы» және «Прикаспиец» ұжымдары, сонымен қатар «Орал-1» және «Орал-2» командалары таласады.

Алдын ала кезеңде барлық қатысушылар бір-бірімен айнала ойнап шығады. Әрі қарай топтық раундтың қорытындысы бойынша үшінші және төртінші орын алған командалар қола марапат үшін ойнайды. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші және екінші болған ұжымдар жекпе-жекте чемпиондық атақты бөліске салады.

Матчтар кестесі мен нәтижелерін Tungy Ligasy-ның ресми сайтынан табуға болады.