Tungy Ligasy бірінші турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау шарасы болып өтті

11 mamyr
1816

Оралдағы турнир аяқталғаннан кейін үздік үштікке кірген командалар, сонымен қатар ойыншылар жеке номинацияларында өз марапаттарын алды.

Еске сала кетейік, «Әуесқой» дивизионында Tungy Ligasy-ның алғашқы турнирінің жеңімпазы «Орал-1» командасы болды. Қостанайлық «Қайрат» екінші орынға жайғасты. Жүлдегерлер үштігін атыраулық «Мұнайшы» тұйықтады.

Үздік қақпашы – Саят Тұрысбеков («Мұнайшы»).

Үздік қорғаушы – Марат Абдрахманов («Орал-1»).

Үздік шабуылшы – Степан Лузенинов («Орал-1»).

Үздік бомбардир – Сергей Лейнинг («Қайрат»).

Үздік ассистент – Иван Лейнинг («Қайрат»).